Skip to content

Tau Ishinde

Popularity · Low

YouTube

Searching YouTube...

Lyrics

Мен келем тау ішінде түнделетіп Аймақты күңірентіп өлеңдетіп Астымда ақ боз атым сылаң қағып Жалтақтап құлақтарын елеңдетіп Ақ боз ат менің тұлпарым Шалқыған көңіл сұңқарым Көкірек керіп жұттым мен Ауаның жазғы жұпарын Ахау, сүмбіл шаш Тәтті сөзің Қара көзің Білгейсің келгенімді жалғыз өзің Тәтті сөзің Қара көзің Білгейсің келгенімді жалғыз өзің Ән салдым есіп майда жаяулатып Ырғалтып, шырқап, толған, баяулатып Толқындай мың құбылған әнімді естіп Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып Ақ боз атым қояндай Еркелеп басар аяндай Тербеді даусым ауаны Дыңылдап қалқып баяулай Ахау, сүмбіл шаш Тәтті сөзің Қара көзің Білгейсің келгенімді жалғыз өзің Тәтті сөзің Қара көзің Білгейсің келгенімді жалғыз өзің Тәтті сөзің Қара көзің Білгейсің келгенімді жалғыз өзің Тәтті сөзің Қара көзің Білгейсің келгенімді жалғыз өзің