Skip to content
Lyric
Dive
Public playlists
My playlists
Search
Sign in
Menin adamym
Bidash
Popularity · Low
+
Original
0
0
YouTube
Searching YouTube...
Lyrics
Original
Translation
Bilingual
Сені ұзақ күттім үнсіз түндерде
Іздедім бейнеңді бөтен жүздерден
Жолдарым шаршап, үмітім сөнгенде
Кездестің мен күтпеген жарық жерден
Менің адамым, сені ақыры таптым
Жүрегім іздеген мекенді таптым
Мың адамның ішінен өзіңді танып
Жоғалтқан бақытымды қайтадан таптым
Мүмкін тағдыр бізді әдейі кешіктірді
Бір-бірімізді бағалау үшін
Қанша жолдан өтсем де өкінбеймін
Себебі барлығы сенің келуің үшін
Талай көктем өтті, талай күз келді
Күтуімнің бәрі бекер емес енді
Сен келген күннен бастап жан дүнием
Тыныштық тауып, қайта гүлденді
Менің адамым, сені ақыры таптым
Жүрегім іздеген мекенді таптым
Мың адамның ішінен өзіңді танып
Жоғалтқан бақытымды қайтадан таптым