Skip to content
Lyric
Dive
Public playlists
My playlists
Search
Sign in
Balausa
Kalifarniya
Popularity · Low
+
🇰🇿 Kazakh · Original
0
0
Listen
YouTube
1
2
3
0:00 / 0:00
Loading YouTube player...
Lyrics offset
Synced
Lyrics
Original
Translation
Bilingual
Жарқырап жайнашы жұлдызымдай
Менің жаным-ау
Сайрашы бұлбұлымдай, менің жаным
Жадырап жаз гүліндей күлімдесеңші
Балауса, арналады саған әнім
Көзіңде түпсіз тұңғиық
Тұрғандай тұнып түн үйі
Өртедің өзің жүректі
Қол жетпес арман — шын биік
Қалдым ба сені шын сүйіп?
Жарқырап жайнашы жұлдызымдай
Менің жаным-ау
Сайрашы бұлбұлымдай, менің жаным
Жадырап жаз гүліндей күлімдесеңші
Балауса, арналады саған әнім
Алаңсыз жүрген кезімде
Жалт етті сәуле көзімде
Ғашық боп жаным өзіңе
Бөлендім нәзік сезімге
Таусылды менде төзім де
Жарқырап жайнашы жұлдызымдай
Менің жаным-ау
Сайрашы бұлбұлымдай, менің жаным
Жадырап жаз гүліндей күлімдесеңші
Балауса, арналады саған әнім
Балауса, Балауса, жан Балауса қыз
Жараспаймыз біз бәлкім, мейлі жарасамыз
Тағдырмен несіне біздер таласамыз?
Жанымау, жарқырап жүрсең, тау асамыз
Балауса, Балауса қыз — бағы бар қыз
Балдаурен балғын балалық шағы бар қыз
Бір күні Мұқағали мен Фаризадай
Шаң басқан архивтерден де табыламыз
Жайнашы жұлдызымдай
Менің жаным-ау
Сайрашы бұлбұлымдай, менің жаным
Жадырап жаз гүліндей күлімдесеңші
Балауса, арналады саған әнім
Жарқырап жайнашы жұлдызымдай
Менің жаным-ау
Сайрашы бұлбұлымдай, менің жаным
Жадырап жаз гүліндей күлімдесеңші
Балауса, арналады саған әнім